top of page

Стендтік үлгілеу бойынша көрме-байқауы өткізілді

«Техникалық шығармашылық» апталығы аясында орталықтың «Стендтік үлгілеу» үйірмесі тәрбиеленушілерінің арасында үйірмеаралық көрме-байқауы өткізілді. Байқауға тәрбиеленушілер стендтік үлгілеудегі әр түрлі жанрлар бойынша жасаған үлгілерін ұсынды. Байқаудың шарты бойынша тәрбиеленушілер жасаған жұмыстарын таныстырып және оның жасалу жолдарымен, қанша уақыт бойы жасалғаны туралы айтты.

Үйірме жетекшілері Сармалаев Х.М. және Куспанов М.Б. тәрбиеленушілердің жасаған үлгілеріндегі қателіктер мен жақсы жақтары туралы ескертіп айта кетті. Нәтижесінде тәрбиеленушілер диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

І орын: Таубай Айдарбек - «Тәуелсіздік монументі» үлгісі

ІІ орын: Хамбар Санжар – «КВ-1 танкі» үлгісі

ІІ орын: Амантай Дана, Хамен Аяна – «Мәңгілік алау» үлгісі

ІІІ орын: Жұмағұл Медеу – «Стелла жеңіс алаңы» үлгісі

Алғыс хат: Камидолла Аршат – «Газ 53» үлгісі


Теги:

Recent Posts
bottom of page